Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова алдағы жылы жалақыда қандай жаңашылдық болатынын айтты, хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ведомоства басшысы еңбек өнімі мен медиандық жалақыны біріктіру мәселесіне тоқталды.
– Келер жылы да осы 85 мың теңге көлемінде қалады. Біз ең төменгі жалақыны тағайындау әдістемесін әзірледік. Ол бойынша жаңа еңбек өнімі мен медиандық жалақыны біріктірдік. Медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштерін салыстырсақ 34% айырмашылық бар. Біз енді әр жұмысшының еңбек тәуекелдері картасын жасап, жұмыс берушілермен бірлесіп қарастырамыз. Әрине, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында келісімшарт жасалады, ол Еңбек кодексіне негізделеді. Бірақ, бизнес саласындағы кейбір жұмысшылардың медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштері 9%-ға жетпейді, – деді ол.
Светлана Жақыпованың айтуынша, медиандық пен ең төменгі жалақы арасындағы айырмашылық бар, сондықтан оны арттыру да жоспарда тұр.
Ведомство басшысы бұл бастама ел тұрғындарының ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтуге себеп болатынын еске салды.