2025 жылы халық саны 20 млн-ға жетуі керек – Елбасы

1582

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында айтылды. 

2025 жылы халық саны 20 млн-ға жетуі керек – Елбасы

2025 жылы Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетуі керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"1993 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде, адамдар не істеу керегін білген жоқ. Көптеген республикадан келгендердің кейбіреуі қалғысы келсе, енді бірі кетуді қалады. Біз оған араласқан жоқпыз. Барлығына еркіндік бердік. Қазақстаннан 3 миллионға жуық адам кетті. Кейін халық саны 14 миллионға дейін азайды. Қазір халық саны19 миллион адамға жақындады. Енді 2025 жылға қарай халық саны 20 миллионға жетуі керек деген мақсат қойдым. Бұл көрсеткіштен асып түсеміз деп ойлаймын, деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу