2025 жылы "ҚазАгроҚаржы" фермерлерін 200 млрд теңгеге қаржыландырады

135

"Жеңілдетілген лизинг" бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды.

2025 жылы "ҚазАгроҚаржы" фермерлерін 200 млрд теңгеге қаржыландырады Фото: canva.com

24 ақпаннан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ 200 млрд теңге сомасына 5% мөлшерлемемен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылы "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шарттары өзгеріссіз қалады: жылдық 5% мөлшерлеме, мерзімі – 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем – 10% кем емес.

"Бұл бастама қазақстандық фермерлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қолжетімді қаржыландыру ауыл шаруашылығы секторының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы болып табылады. Бұл лизинг бағдарламасы аграршыларға техниканы тиімді жаңартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өндірістің жалпы деңгейіне оң әсер етеді", – деп хабарлады "ҚазАгроҚаржы" АҚ.

Өтінімдерді қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-ден бастап Telegram-бот арқылы мына сілтеме бойынша басталады: клиент өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу