2025 жылы Қазақстан халқы 100% таза ауызсумен қамтылады

759

Биыл 148 елдімекен орталықтанырылған сумен жабдықтау желісіне қосылады. 

2025 жылы Қазақстан халқы 100% таза ауызсумен қамтылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтуға бойынша дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша елімізде 2 мыңға жуық елдімекен әлі де болса орталықтандырылған су желісіне қосылмаған. 

"Елімізде жалпы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етілсе, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-іне орталықтандырылған сумен жабдықтау желісін салуды жалғастыру жоспарланып отыр. Ал 1 129 ауылда су тазалау дербес желісі орнатылатын болады", – деді спикер. 

Оның сөзінше биыл 148 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қосылады. Сонымен қатар тұрғындары аз 220 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады. 

"Осы бағытта 2021-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 181 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат 284 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 20,6 мың тұрғыны бар 56 ауылда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі желісі арқылы ауылішілік сумен жабдықтау желісін салу жалғасады. Қаражатты тиімді жұмсау мақсатында 200-ден аз адам тұратын 1 129 ауылда су тазалау желісі орнатылады", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Осылайша 2025 жылы Қазақстан халқы 100% таза ауыз сумен қамтылмақ. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу