2025 жылы Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттады

84

 Бұл туралы QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді.  

2025 жылы Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттады Фото: AFP 2023 / Hussein Faleh

2025 жылы Қазақстан Қытай нарығына 5 млрд текше метр табиғи газ экспорттаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, өткен жылы магистральдық газ тасымалының жалпы көлемі 88,5 млрд текше метрді құраған. Соның ішінде ішкі нарыққа 20,5 млрд текше метр газ жеткізілген.

Сондай-ақ ұлттық компания қазақстандықтардың газ тұтыну шығындарын азайту мақсатында ішкі нарықты субсидиялауға 190,5 млрд теңге бағыттаған. Ал 2025 жылы QazaqGaz ел бюджетіне шамамен 302,1 млрд теңге көлемінде салық төлеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу