Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай Қазақстанда 10 жаңа халықаралық әуе бағыты іске қосылмақ.
"Биыл 22 жаңа әуе бағыты ашылды. Ал келесі жылы тағы 10 әуе рейсін қосуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Будапешт, Мюнхен және Рим бағыттары бар. Сонымен қатар, 2024 жылы 18 ұшақ сатып алу жоспарда тұр. Биыл 10 ұшақ сатып алынған болатын," – деді Қалиақпаров.
Ішкі рейстер бойынша министрлік туристік бағыттарды дамытуға басымдық береді. Бұл бағыттарға субсидия бөлініп, қаржыландыру мәселелері шешілген жағдайда жаңа рейстер іске қосылмақ.
"Әкімдіктер өз өтініштерін жіберіп, қаржыландыру көздерін анықтаған соң, қосымша ішкі бағыттарды ашамыз. Біздің тарапымыздан рейстерді ұйымдастыруда кедергі жоқ. Бірақ басты мәселе – қаржыландыру," – деді вице-министр.
Сонымен қатар, Air Astana Франкфуртқа жаңа халықаралық бағыт ашқанын хабарлады. Енді Алматыдан Германияға тікелей ұшуға болады.
"Жаңа бағыт Астана және Орал қалаларынан Франкфуртқа ұшатын рейстерді толықтырады. A321LR ұшағымен Алматы–Франкфурт рейсі 2025 жылдың 1 маусымынан бастап жүзеге асады. Ұшақ аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Ұшу уақыты жолаушылардың ыңғайына қарай реттелген: Алматыдан түнгі 01:30-да ұшып шығып, Франкфуртқа таңғы 06:55-те жетеді. Қайтар рейс 08:30-да басталып, Алматыға кешкі 18:55-те қонады," – деп мәлімдеді Air Astana өкілдері.