2025 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

828

2025 жылы қазақстандықтар жалпы 119 күн демалады. Демалыс күндерінің ең көбі наурыз айында – 14 күн, ал ең азы ақпан мен сәуір айларында – 8 күннен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады   Фото: canva.com

Алты күндік жұмыс аптасын есептемегенде, 2025 жылғы демалыс күндері келесідей күтіледі:

  •  Қаңтарда Жаңа жылға төрт күн демаламыз  – 1, 2, 3 және 4 қаңтар, 5 қаңтар жұмыс күні;
  •  Рождество –  2025 жылғы 7 қаңтар сейсенбіге келеді, демек қосымша демалыс күні болады;
  •  2025 жылғы 8 наурыз (халықаралық әйелдер күні) сенбіге келеді, сондықтан 10 наурыз (дүйсенбі) қосымша демалыс;
  •  Наурыз мейрамы  21-23 наурыз аралығында жұма, сенбі және жексенбіге келеді, сондықтан 24 және 25 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі) қосымша демалыс, жалпы демалыс бес күнге жалғасады;
  •  2025 жылғы мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне  1 мамыр (бейсенбі), Отан қорғаушылар күні  7 мамыр (сәрсенбі) және Жеңіс күні  9 мамыр (жұма). Ыңғайлы болу үшін демалыс және жұмыс күндерін ауыстыруы мүмкін;
  •  Маусым айында Құрбан айт 6 маусымға (жұма) түсіп тұр;
  •  Шілде айында Астана күні жексенбіге сәйкес келуіне байланысты үш күн қатарынан демалыс болады;
  •  2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Конституция күні-30 тамыз (сенбі), сондықтан қосымша демалыс күні  1 қыркүйекке (дүйсенбі) ауысады;
  •  2025 жылдың қазан айында Республика күні демалыс күнге сәйкес келеді, сондықтан тағы бір қосымша демалыс болады;
  •  2025 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік күні сейсенбіге сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс күнін сыйлайды;

Еске сала кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке және демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу