2025 жылы Қызылорда қаласындағы халық саны 350 мың адамға жетеді

1911

2019 жылдың соңына қарай Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында 2628 пәтерлік 53 көпқабатты тұрғын үй салынып, онда 13,0 мың адамды қоныстандыру жоспарлануда. 

2025 жылы Қызылорда қаласындағы халық саны 350 мың адамға жетеді

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы бойынша кешенді жоспар аясында 4 жылда 3 510 пәтерлік 208,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына – 1 205 пәтер, көпбалалы отбасыларға – 1 715 пәтер және 590 несиелік тұрғын үй беріледі.

"Оның арқасында біз облыс бойынша жыл сайын 800 мың шаршы метр баспана салуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, жалпы көлемі 37,9 километр инженерлік желілер салынатын болады. Нәтижесінде, Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 630 пәтерге арналған 16 көпқабатты тұрғын үй, сонымен қатар облыс аудандарындағы жеке тұрғын үйлерге арналған 744 жер телімі инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі", – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов. 

Болжамға сәйкес, 2025 жылы Қызылорда қаласы халқының саны 350 мың адамға жетеді деп күтілуде. Көпқабатты тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы алты жыл ішінде Қызылорда қаласында 10 жаңа шағын аудан және қаланың қолданыстағы шағын аудандарында 5 тұрғын үй кешендері ашылды, онда 139 көпқабатты тұрғын үй салынды. 

2019 жылдың соңына қарай Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында 2628 пәтерлік 53 көпқабатты тұрғын үй салынып, онда 13,0 мың адамды қоныстандыру жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу