2025 жылы "Самұрық-Қазына" активтерінің құны 21 трлн теңге болады

702

Инвестициялық қор 5 жылда автиктердің құнын 6,9 трлн теңге ұлғайтпақшы.

2025 жылы "Самұрық-Қазына" активтерінің құны 21 трлн теңге болады

"Самұрық-Қазына" қоры гази-химиялық кешен құрылысына қарыз алмақшы. Холдингтің стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова осындай мәлімет айтты.

"2025 жылға қарай қор активтерінің таза құны 21 трлн теңге болады деп күтіп отырмыз. Яғни 6,9 трлн теңгеге артады деген сөз. Мұнай бағасы мен теңге бағамының құбылуына қарамастан, 2021 жылы қор топтың қаржылық бекемдігін қамтамасыз етеді. Көріп отырғандарыңыздай, EBITDA борышы 3,6 трлн теңге болады деп жсопарланған. 2021 жылы бірлескен химиялық компанияның жоспарлы түрде игеру, газ-химиялық кешен құрылысына қарыз алу сияқты жеке инвестициялық жобаларын іске асыру жоспарланған",- деді Ләззат Боранқұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу