2025 жылы "Семей орманында" өртті алдын ала анықтау жүйесі іске қосылады

142

Жоба құны 3,1 млрд теңге. 

2025 жылы "Семей орманында" өртті алдын ала анықтау жүйесі іске қосылады Фото: Үкімет

Жалпы орман шаруашылықтары үшін өртке қарсы техникаларды сатып алуға 52 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
 
Қазақстанда соңғы 5 жылда орман алқаптарының ауданы 267 мың гектарға ұлғайтылды. Жалпы, көрсеткіш 5% өсімді көрсетті. Орман қорғау мекемелерін техникалық жарақтандыруды қаржыландыруды ұлғайту және орман шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қабылдануда. 

"Мәселен, өткен жылы техника мен жабдықтарды сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 15,9 млрд теңге бөлініп, 526 бірлік өртке қарсы және патрульдік техника сатып алынды. Биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 1384 бірлік өртке қарсы техника мен 921 бірлік тіркеме және аспа жабдықтарын сатып алуға 52 млрд теңге, оның ішінде лизинг есебінен – 40 млрд теңге бөлінді. Бұл шаралар еліміздің өртке аса бейім өңірлеріндегі орман қорғау мекемелерінің жарақтандырылуын 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Бұдан басқа, 900 мың га мемлекеттік орман қоры орман өрттерін ерте анықтау жүйелерімен қамтылған. Нәтижесінде орман өрттерінің аумағын едәуір қысқартуға мүмкіндік туды. 

"Келесі жылы 3,1 млрд теңге сомасына осындай жүйе "Семей орманы" резерватында енгізілетін болады. Министрліктер мен әкімдіктердің 12 мекемесі ондай жүйемен 24 млрд теңге мөлшерінде лизингтік қаржыландыру есебінен жарақтандырылатын болады", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу