2025 жылы студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі

238

Шәкіртақы орта есеппен 15-20% өседі.  

2025 жылы студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі Фото: Liter.kz

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып, әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының жалпы көлемін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылы әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, келесі жылы білім беру саласына 1 трлн теңге бөлінбек.

"Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі – жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін – 117 098 теңге болады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу