2025 жылы сұранысқа ие мамандықтар: Еңбек нарығының болжамы

174

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, 2025 жылы ең көп сұранысқа ие жұмысшы мамандықтардың алғашқы ондығын ұсынады, деп жазады  inbusiness.kz сайты.

2025 жылы сұранысқа ие мамандықтар: Еңбек нарығының болжамы Фото: kudapostupat.by
  • Жүк көлігінің жүргізушілері – 21,8 мың адам (жалпы сұраныстың 5,4%-ы).
  • Сантехниктер мен құбыр салушылар – 17,3 мың адам (4,3%).
  • Дәнекерлеушілер – 15,6 мың адам (3,9%).
  • Құрылысшылар бригадасының басшылары (бригадирлер) – 11,9 мың адам (2,9%).
  • Автобус жүргізушілері – 10,8 мың адам (2,7%).
  • Сылақшылар – 9,9 мың адам (2,5%).
  • Техник-электриктер – 9,7 мың адам (2,4%).
  • Тракторшылар – 9,6 мың адам (2,4%).
  • Құрылысшы-монтаждаушылар – 7,9 мың адам (1,9%).
  • Темір ұсталары (слесірлер) – 7,4 мың адам (1,8%).

Кәсіптік-техникалық мамандарға ұзақ мерзімді сұраныс:

Орталықтың дерегіне сүйенсек, кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға алдағы жылдардағы сұраныс мынадай болады:

  • 2025 жыл: 63,8 мың адам
  • 2026 жыл: 65,7 мың адам (+3%)
  • 2027 жыл: 67,9 мың адам (+3,3%)
  • 2028 жыл: 66,8 мың адам (-1,6%)
  • 2029 жыл: 67,5 мың адам (+1%)
  • 2030 жыл: 71,4 мың адам (+5,8%)

Алдағы жылдары жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың тұрақты түрде артуы күтілуде. Бұл мамандықтардың беделі мен маңыздылығының да өсе беретінін көрсетеді. Өзекті мамандықтарды игеру тек жеке тұлғаның табыс көзіне ғана емес, ел экономикасының дамуына да үлес қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу