Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 30 желтоқсанда Қарағанды облысында өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Республикалық кеңеске қатысушыларға, яғни, қаржы институттарының, екінші деңгейлі банктердің, барлық өңір әкімдіктерінің, ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшыларына, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны таныстырды. Бұл платформа инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылына арналған "Бірыңғай терезе" болып саналады. Жүйеде Қазақстанның инвестициялық саясатының толық бейнесін қалыптастыру үшін барлық қатысушылар арасында қажетті ақпарат алмасу процесі автоматтандырылған.
Сондай-ақ кеңесте индустриялық саладағы және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.