2025 жылы үздік болған қазақстандық ТОП-10 боксшы анықталды

Рейтингті boxrec.com сайты жасаған.  

2025 жылы үздік болған қазақстандық ТОП-10 боксшы анықталды Фото: inform.kz

Көш басында кәсіби мансабы қыл үстінде тұрған Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта ол – орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Десе де, жуырда "Қазақ стилінің" допинг дауына іліккенін спортсүйер қауым жақсы біледі. 8 қаңтар күні боксшының кінәсі дәлелденсе, ол дисквалификацияланады және чемпиондық белбеулерінен айырылуы ықтимал.

Қазақстандық ең үздік 3 боксшының қатарына Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енген.

Үздік ондықтағы өзге спортшылар:

4. Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),

5. Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),

6. Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),

7. Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),

8. Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),

9. Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),

10. Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу