2025 жылы жалпы ішкі өнім 5,6% болады

209

Бес жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,4%-ды құрайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2025 жылы жалпы ішкі өнім 5,6% болады Фото: myfin.by

"Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, әлемдік экономика 2025 жылы 3,3% деңгейінде өсетін болады. Мұнайдың әлемдік бағасы бойынша консенсус-болжамы 2025 жылы барреліне 78 долларды құрайды. Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың үш сценарийі қалыптастырылды. Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасы барреліне 75 АҚШ доллары деңгейінде ұсынылады", - деді министр.

Сөзінше, болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5,6%, 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,4%-ды құрайды. 

"Номиналды жалпы ішкі өнім 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 2029 жылы 234,2 трлн теңгеге немесе 498,4 млрд долларға дейін өседі, бұл Мемлекет басшысы экономика көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді", - деді Нұрлан Байбазаров.

Министр экономиканың барлық салаларында өсім күтілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу