Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл жас ғалымдарға қанша пәтер берілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жас ғалымдарды қолдау күшейтілді. 351 пәтер берілді. 290-ы кредиттік бағдарлама бойынша, 61-і – ақысыз. Ғылыми дәрежелер мен атақтар үшін қосымша төлемдер артты, халықаралық тағылымдамалар жалғасып жатыр. Жыл сайын 50 "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар және 50 талантты жас ғалымға стипендия бөлінеді", - деді министр.
Қолданбалы зерттеулер саласында жұмыс істейтін ғалымдардың жалақысына арттыру коэффициенті енгізілді. Жыл сайын "Жас Ғалым" гранттық қаржыландыру конкурсы өткізіледі.
Саясат Нұрбек биыл жас ғалымдарға 140 пәтер берілетінін айтты.