Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавриат деңгейіне 77 мыңнан астам грант бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысының 99%-ы игерілді.
2025 жылы "Серпін" бағдарламасы аясында 2 412 грант бөлініп, олардың 83%-ы игерілді.
Батыс өңірінің жастарына арналған мақсатты гранттар 2024 жылға сәйкес 100% игерілді.
Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 365 грант бөлінді.
2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды.
Гранттар ел экономикасының болжамды кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып бөлінді. Ең көп гранттар келесі бағыттар бойынша бөлінді:
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 18 846 грант;
- Педагогикалық ғылымдар – 13 226 грант;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 11 615 грант;
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 188 грант;
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 379 грант;
- Қызмет көрсету саласы – 2 200 грант;
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915 грант;
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 1 485 грант;
- Бизнес, басқару және құқық – 1 423 грант;
- Ветеринария – 1 275 грант.