2026 жылдан бастап банктерге жаңа салық тәртібі енгізіледі

462

 Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылатынын айтты.  

2026 жылдан бастап банктерге жаңа салық тәртібі енгізіледі Фото: nalogikz.kz

Ол 2026 жылдың алғашқы жартысында күшіне енбек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сүлейменовтің сөзінше, бұл қадам қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалайды. Сондай-ақ, жалпы берешекті шектеу үшін қолданылады.

"Халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу үшін жаңа макропруденциалды құрал – кіріске қатысты борыш коэффициенті іске қосылады. Бұл құрал халықаралық практикада қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалап, олардың жалпы берешегін шектеу үшін кеңінен қолданылады. Осы коэффициенттің нақты мәні есептеледі. Оны келесі жылдың бірінші жартысында іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді Ұлттық банк төрағасы.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктерге қатысты жаңа салық тәртібі енгізіледі:

  • Бөлшек несиелендіруден түсетін кіріс бойынша корпоративтік салықтың мөлшерлемесі – 25%,
  • Бизнесті  несиелендіруден – 20% табыс салығы белгіленеді.

Бұдан бөлек, "қазір сатып ал да, кейін төле" (BNPL)  қызметін реттеу тәсілдері енгізіледі. 

Ұлттық банк басшысы жаңа салық және бюджет кодекстері мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыруға, жоспарлау сапасын жақсартуға және Ұлттық қорға тәуелділікті төмендетуге бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу