2026 жылдан бастап Қытайға баратын қазақстандық көліктерге рұқсат шектеусіз беріледі

175

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

2026 жылдан бастап Қытайға баратын қазақстандық көліктерге рұқсат шектеусіз беріледі Фото: gov.kz

5-6 қараша күндері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында еліміздің көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесуі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, "Қазақстан халық банкі" АҚ, "Ақпараттық-есептік орталық" АҚ және тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері кірді.

Келіссөздердің нәтижесінде тараптар келесі келісімдерге қол жеткізді:

  • 6-12 қараша аралығында Қытай тарапы Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкілерін береді. Осылайша жеті күннің қорытындысы бойынша қазақстандық тасымалдаушылардың тәуліктік нақты қажеттілігі айқындалады. Алынған деректердің негізінде болашақта рұқсат бланкілері күн сайын берілетін болады.
  • 2026 жылдан бастап рұқсат бланкілерін сандық шектеусіз, яғни шексіз түрде беру жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Осылайша Қытайға электронды кезек жүйесі арқылы кіретін барлық көлік құралына, ҚХР заңнамасын бұрын бұзбаған жағдайда, рұқсаттар автоматты түрде берілетін болады.

2024 жылы қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған. Биыл қаңтардан бері 230 мыңнан астам қытайлық рұқсат бланкілері алынған және пайдаланылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу