Олардың орнына 590 пәтерлік 9 ғимарат салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір шаһар билігі инвестор іздеп жатыр. Жоспар бойынша жаңа нысандарға 176 пәтердің тұрғындары көшіріледі. Ақтауда 2016-2022 жылдар аралығында екі қабатты 15 үй сүріліп, ол маңда бес қабатты 7 баспана бой көтерді.
"Ақтау қалалық ТҮКШ" ММ сектор меңгерушісі Бақтияр Мақсатовтың айтуынша, 3-шағын ауданда орналасқан ескі үйлерді сүріп, орнына жаңа заманауи 9 үй салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қарсылық білдіретін тұрғындар жоқ. 2016 жылы бізде 3-шағын аудандағы №14 үй сүріліп, қайтадан жаңа үй салынған болатын. 2017 жылы да бір үй, сөйтіп жыл сайын жалғасып келеді.