Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Қорғаныс министрінің орынбасарына "Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасын көшіру қашан толық аяқталады? Ақтөбе, Қарағанды облысында қару-жарақ қоймасын салу жоспары туралы айтылды, қалай жүріп жатыр?" деген сауал қойылды.
– Жыл сайын Арыстағы жарылыс салдарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде ең қауіпті деген жарылыс зардаптары жойылды. 2026 жылдың соңында Ақтөбе маңына көшіру жоспарда бар. Қазір Арыс қаласының тұрғындары ешқандай жарылыссыз, тыныш өмір сүріп жатыр, қауіп жоқ, – деп қысқа қайырды Шайх-Хасан Жазықбаев.
Министр орынбасарының айтуынша, барлығы қаражаттың бөлінуіне байланысты.