2026 жылы Астанада қоқыс жағатын зауыт салуға кірісеміз – Жеңіс Қасымбек

263

Бұл зауыт электр энергиясын да өндіретін болады.  

2026 жылы Астанада қоқыс жағатын зауыт салуға кірісеміз – Жеңіс Қасымбек Фото: Руслан Пряников

Келесі жылы Астанада қоқыс жағатын зауыттың құрылысы басталады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Жыл бойы 328 заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, 120 мың тоннадан астам қалдықтар шығарылды", – деді Жеңіс Қасымбек.

Қалдықтарды шығарудың цифрлық мониторинг жүйесі енгізілді. Бұл қызмет көрсетуді бақылауды қамтамасыз етті және тұрғындардың шағымдарын 99 пайызға азайтты.

"Келесі жылдың екінші тоқсанында шетелдік инвесторлармен бірлесіп, тәулігіне 2 250 тоннаға дейін қоқыс жағатын зауыт салуға кірісеміз және бұл зауыт электр энергиясын да өндіретін болады. Зауыт 2028 жылы іске қосылады. Кешенді жұмыстың арқасында үш жыл ішінде атмосфераға шығатын зиянды заттар 32 пайызға азайды. Бұл – кәсіпорындар мен тұрғын алаптарды газдандыру, экологиялық транспортқа көшу және көгалдандырудың нәтижесі", – деді шаһар басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу