2026 жылы гептилді зымырандар Байқоңырға жіберілмейді – Асқар Жұмағалиев

791

Құжат 2023 жылға дейін әзірленуі керек. 

2026 жылы гептилді зымырандар Байқоңырға жіберілмейді – Асқар Жұмағалиев

2026 жылы қазақ даласы гептилден көз ашады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев соындай мәлімет айтты.

 "Қазіргі таңда бұл мәселені реттеу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жалпы алғанда жоспар жасалып, құжаттар әзірленуде. Бұған дейін айтқанымдай, ол жұмыстың бәрі 2023 жылға дейін бітуі керек. Қазір қолда бар жоспар бойынша, 2026 жылға қарай Байқоңырда гептильмен ұшатын зымыран тасығыштардың ұшуы тоқтатылады.  Жоспар гептильден басқа жанармаймен ұшатын зымыран тасығыштарды ұшыру жүйесін де жаңғырту мәселесін қамтиды", - деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу