2026 жылы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс​ ашылады

121

1 қазан күні Алматыда Қазақстан мен Латвия арасындағы бизнес-форум өтті.   

2026 жылы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс​ ашылады Фото: airlines-inform.ru

Шараға екі елдің іскерлік өкілдерінен шамамен 50 адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Форумда екі ел арасындағы әріптестік және жаңа ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Қазақстан Латвияны сенімді серіктес деп санаса, Рига біздің елді Азия мен Еуропаны жалғайтын стратегиялық көпір ретінде бағалайтынын айтты.

Айтылғандай, транзиттік жүк тасымалы саласында оң динамика байқалады: Қазақстандық жүктің Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепая порттары арқылы өтуі Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикада маңызды рөл атқарады.

Форум барысында әуе қатынасын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. SCAT Airlines 2026 жылдың көктемінде Қазақстан мен Латвия арасындағы тікелей рейсті іске қосатыны хабарланды.

Бұл шешім жолаушылар тасымалын жеңілдетіп, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, бірлескен жобаларды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ туризм мен бизнес саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу