2027 жылға дейін 300 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жергілікті атқарушы органдар министрлікпен келісе отырып жаңа мектепке дейінгі ұйымдармен жаңа орындарды енгізудің қадамдық жоспарларын бекітті", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова хабарлады.
Осылайша, балаларды қамтуды кезең-кезеңімен ұлғайту мақсатында 2023 жылдан 2027 жылға дейін 300 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарланған. Биыл жыл басынан бері 35,7 мың жаңа орын ашылды (11 600 орын – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру орындары).
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    