2027 жылға дейін Көкшетауда жаңа ЖЭО салу жоспарлануда

417

Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден асады.

2027 жылға дейін Көкшетауда жаңа ЖЭО салу жоспарлануда Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Степногорск қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Министр Көкшетауда электр қуаты 240 МВт болатын ЖЭО салу жоспарланып отырғанын атап өтті. Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден асады.

 Жобаны іске асыруды ағымдағы жылдың күзінде өткізілетін электр қуаты нарығында тендер өткізу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда өңірді жылумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қолданыстағы жылу көздерінің тозу деңгейі жоғары (Степногорск ЖЭО 81,7%, "Көкшетау Жылу" МКК қазандықтары 63,1%).

Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың қарқынды құрылысы жүргізіліп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта аудандық қазандықтардың жұмыс істеп тұрған жылу қуаты жеткіліксіз.

"Жылу энергиясының тапшылығын жабу үшін Көкшетау ЖЭО құрылысы қарастырылуда, оның жылу қуаты сағатына 520 Гкал құрайды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу