2027 жылға дейін республикалық жолдардың барлығына интернет тартылады

661

Алдағы бес жылда 5G технологиясымен Астана, Алматы және Шымкентті 75 пайыз қамту жоспарланған.  

2027 жылға дейін республикалық жолдардың барлығына интернет тартылады Фото: inalmaty.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жаңа цифрлық мүмкіндіктер бағыты бойынша барлық қалалар мен аудан орталықтарында кең жолақты Интернетті қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі ұялы байланыс бойынша жағдайға көз салсақ, 3G технологиясы бойынша 3 мыңнан астам елді мекен, 4G - 1 628 елді мекен қамтылған, ал 5G мүлдем жоқ. Мыс кабелімен өткізілген сымды байланыс 34 пайызды, ал оптика 26 пайызды құрап отыр. Әлемде мыс кабелі мен 3G технологиясының ескіруін назарға алып, 2027 жылға дейін оларды түпкілікті ауыстырамыз. Сондай-ақ, мобильдік 4G технологияны 100 пайызға жеткізіп, ал оптика инфрақұрылымын 90 пайызға арттырамыз", – деді министр.

Оның айтуынша, 2027 жылға дейін 5G технологиясымен Астана, Алматы және Шымкентті 75 пайыз қамту, ал облыс орталықтарын 60 пайыз қамту жоспарланған.

"2027 жылға дейін жолдарды 100 пайызы интернет және ұялы байланыспен қамтылады", - деді Бағдат Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу