2027 жылы еліміздегі тас жолдар интернетпен қамтылады – Жаслан Мәдиев

223

Қазір бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

2027 жылы еліміздегі тас жолдар интернетпен қамтылады – Жаслан Мәдиев Фото: Үкімет

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында 2027 жылы республикалық және облыстық жолдардың барлығы интернетпен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр инфрақұрылым бөлігінде автомобиль жолдарын интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"2024 жылы көшпелі тексеру, дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды егжей-тегжейлі талдау аяқталды. Нәтижесінде бірінші кезеңде республикалық жолдар бойында 243 антенна-діңгек құрылыстары орнатылатын болады. Ол үшін 104 антенна-діңгек құрылыстары бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2027 жылы республикалық және облыстық жолдардың 100%-ы мобильді интернетпен қамтылатын болады",  деді ведомство басшысы.

Осыған байланысты министрлік антенна-діңгек құрылыстарын салу үшін бюджеттік қаржыландыруды қолдауды сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу