2027 жылы Қазақстанда 1 млн тонна мыс өндіріледі – министр

490

Соңғы 20 жылда еліміздің тау-кен саласында 12,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

2027 жылы Қазақстанда 1 млн тонна мыс өндіріледі – министр Фото: inbusiness.kz

Көрсеткішті одан әрі ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан XIII халықаралық тау-кен металлургия конгресінде Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларын ортаға салды. Айтуынша, биыл елімізде 57 мың тонна аллюминий өңдеу көзделіп отыр. Ал 2027 жылға қарай жылына 1 млн тонна мыс өңдеу жоспарланған. Шикізатты өндіріп қана қоймай, оны өңдеу ісін ілгерілетуге де басымдық беріліп отырған көрінеді.  

"Былтыр Қазақстан Еуропалық комиссиямен бірігіп сирек кездесетін металдарды өңдеу бойынша келісімшартқа қол қойған болатын. Соның нәтижесінде тиісті Жол картасын әзірледік. Осы салада әрі қарай қарым-қатынасты нығайтамыз сол мәселелерді талқыладық", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.   

Басқосуда еліміздің көміртек бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы сараланды. Одан бөлек отандық кен орындарына инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

Айта кетейік, қазан айында Қазақстанның 25 кен орны аукционға қойылады. Бәс саудаға түсетін жерлердің қазба қоры 48 млрд долларға бағаланған. Қазба байлықты игеруге отандастарымыздан бөлек шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытып отыр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу