2027 жылы Қазақстанның екі кен орнында газ өндіру басталады

2030 жылға қарай Қазақстанда жылына 6,7 млрд текше метрге дейін газ өндіру жоспарланып отыр. 

2027 жылы Қазақстанның екі кен орнында газ өндіру басталады  Фото: inbusiness.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы атап өткендей, жылына 6,7 млрд текше метрге дейін газды Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі жобаларды есепке алмай өндіру жоспарлануда. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

"2027 жылы ҚазМұнайГаз Батыс Прорва және Қаламқас кен орындарын пайдалануға беруге ниетті. Сонымен қатар, жылына 1,1 млрд текше метр көлемінде газ өндіру күтілуде.

Халықаралық компаниялармен бірлесіп, 12 перспективалы геологиялық барлау жобасы, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау жобалары пысықталып жатыр", – деп түсіндірді "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы.

Айта кету керек, 2023 жылы үш жаңа кен орнын пайдалану басталды. Соның ішінде Оңтүстік Ақсай, Шығыс Өріктау және Рожковское кен орындары бар.

Сонымен қоса, алдағы 3-4 жылда "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Орталық Өріктау кен орнында жылына шамамен 1 миллиард текше метр газ өндіруді бастауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу