Ал жаңа Admission Insight Test (AIT) тесті келесі жылдан бастап тек пилоттық форматта сынақтан өткізіледі.
Министрдің айтуынша, жаңа тестке қатысты қосымша ақпарат алдағы уақытта жарияланады. Қазір оның тапсырмалары мен мазмұны әзірленіп жатыр.
"Жаңа тест тек пилоттық жоба ретінде енгізіледі. Сондықтан бұл мәселеге байланысты алаңдаудың қажеті жоқ. Министрліктің ресми хабарламаларына назар аударған жөн", – деді Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, 2027 жылы талапкерлер бұрынғыдай дәстүрлі ҰБТ тапсырады, ал AIT тесті әзірге тәжірибелік форматта жүзеге асады.