2028 жылға дейін ауылдарда 200-ден аса спорт ғимараты салынады

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. 

2028 жылға дейін ауылдарда 200-ден аса спорт ғимараты салынады Фото: SpbGuru

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында өңірлерде мәдениет және спорт нысанын салу және жөндеу үшін қомақты қаржы қаралған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетте "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында өңірлерде жалпы сомасы 83 173 млн теңгеге 301 мәдениет және спорт объектісін салуға және реконструкциялауға шығыстар көзделген. АMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1 245 мәдениет нысанын (220 құрылыс, 1 025 жөндеу жұмыстары) салу және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, 2028 жылға дейін ауылдарда 271 нысан салу және жөндеу жоспарланып отыр. 

– Спорттық инфрақұрылымды дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының "Жол картасына" сәйкес, 2028 жылға дейін ауылда 100 жылдам салынатын спорт ғимаратының құрылысы жоспарланған. Биыл 25 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылдық елді мекендерде 2028 жылға дейін 271 нысан салу және жөндеу жоспарда бар. Оның ішінде: жаңа құрылыс – 213, жөндеуге жататыны – 58. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында осы жылы 74 нысанның құрылысы жүргізілуде, – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу