2028 жылғы Олимпиада ойындарында бокс спорт тізімінен алынып тасталуы мүмкін

352

Бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданады. 

2028 жылғы Олимпиада ойындарында бокс спорт тізімінен алынып тасталуы мүмкін Фото: freepik

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін келесі ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданады.

“Мүмкін келесі жылы да қабылданып қалуы ғажап емес. Неғұрлым тезірек, тіпті, бірінші жартыжылықта шешім қабылданғанын қалаймыз. Бірақ одан ертерек болуы екіталай”, – деді халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Дәл осы қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алып тасталған еді.

Томас Бахтың айтуынша, боксты алып тастау туралы айту әлі ерте. Мұндай шешім қабылданса, ол халықаралық бокс жарыстарын өткізу үшін ұлттық ұйымдардың бірігуі қажет екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу