2028 жылы Қазақстанда экспорт көлемі 83,7 млрд долларға дейін ұлғаяды

73

Парламент Сенатының кезекті отырысында республикалық бюджеттің үш жылдық параметрлері қаралды.

2028 жылы Қазақстанда экспорт көлемі 83,7 млрд долларға дейін ұлғаяды Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2028 жылға дейінгі сыртқы сауда операцияларының болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның мәліметінше, Қазақстанда экспорт көлемі біртіндеп арта түседі.
"Болжам бойынша экспорт 2026 жылғы 77,1 млрд доллардан 2028 жылы 83,7 млрд долларға дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд долларға дейін өседі", – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу