2029 жылға дейін 3,3 млн адам жұмыспен қамтылады

365

Оның ішінде 2,3 млн жастар. 

2029 жылға дейін 3,3 млн адам жұмыспен қамтылады Фото: Inbusiness.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 50%-ы жастар. Қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 5,3 мыңнан астам грант және 4,7 мыңнан астам жеңілдетілген микрокредит берілді.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жастарды жұмысқа орналастыруды, сондай-ақ жастар үшін қайтарымсыз гранттар мен жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер беру арқылы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.

"Жыл басында барлық өңірлердің әкімдерімен бекітілген 20 Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде Ұлттық жобалар, "10 мың халыққа 100 жұмыс орны", мемлекеттен субсидияланатын жұмыс орындары, жұмыс берушілермен ұсынылатын бос жұмыс орындары, халықтың еңбек мобильділігі бағдарламалары аясында жұмыспен қамтудың нақты шаралары бекітілген.

Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде осы жылға 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту бойынша шаралар көзделген. 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық көрсеткіштің 77%-ын құрайды. Олардың ішінде жастардың үлесі 50% - ға жетеді. Қазіргі уақытта жұмысқа орналастырылған азаматтардың 76%-ы үшін зейнетақы аударымдары аударылуда, бұл олардың тұрақты түрде жұмыс істеп жатқандарын растайды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу