2029 жылға дейін Екібастұзда ГРЭС-3 салынбақ

518

Бұл отандық энергетика саласындағы аса маңызды жобалардың біріне айналуға тиіс.  

2029 жылға дейін Екібастұзда ГРЭС-3 салынбақ Фото: gres2.kz

Жаңа ГРЭС-ті қолданыстағы инфрақұрылым базасында салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz "Самұрық-Энерго" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаты 1,2 мың МВт-қа дейін жететін станция болады деп болжанып отыр. Бұдан басқа мұнда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысын азайтатын соңғы технологиялар қолданылатын болады. Жобаны іске асыру 2028-2029 жылдары аяқталуы тиіс.

2023 жылғы желтоқсан айында Екібастұзда ГРЭС-1-де қуаты 500 МВт қалпына келтірілген № 1 энергоблокты пайдалануға беру жоспарланған. 2026 жылға дейін Екібастұз ГРЭС-2-де №3 энергоблоктың, сондай-ақ 2027 жылы № 4 блоктың құрылысын аяқтауға уәде етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу