2029 жылға дейін Қазақстан жолдарында 60 қонақ үй салынады

286

Бұл автотуризмнің дамуына септігін тигізеді деп күтіліп отыр. 

2029 жылға дейін Қазақстан жолдарында 60 қонақ үй салынады Фото: freepik

Көлік министрі Марат Қарабаев 2029 жылға дейін жол бойында мотель түріндегі 60 қонақ үй салынатынын айтты. Соның ішінде 10 бірлігінің құрылысы биыл басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2029 жылға дейін 60 бірлік кешенді объектілердің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 10 бірлігі осы жылы жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі – 120 млрд теңге. Оларда жатын орын, TIR тұрағы және жанармай бекеттері қарастырылған. Жол бойы сервистік объектілерін дамытудың негізінде елімізде бірінші рет отандық қонақүйлер жүйесі және олардың франшизасы қалыптасатын болады. Бұл жол бойы объектілерінің тасымал процессімен қатар, автотуризмнің де дамуына септігін тигізеді", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу