Энергетика министрлігі 2029 жылға қарай халықты газдандыру деңгейін 65%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр, бұл 12 млн адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Мемлекет басшысы көтерген маңызды мәселелердің бірі – халықты газбен қамтамасыз ету. Министрлік 2029 жылға қарай халықты газдандыру деңгейін 65%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр, бұл 12 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етеді. Энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін күшейту үшін 2029 жылға қарай 3,7 ГВт энергия өндіруші қуаттар іске қосылады, оның ішінде 1,8 ГВт электр стансаларын жаңғырту және 1,9 ГВт жаңа құрама циклді стансаларды салу аясында жүзеге асырылмақ", -– деді Энергетика министрі Үкімет отырысында.