Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңір халқын тұрғын үймен және газбен қамту бағытындағы жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
- Газбен қамтуға жататын 192 елді мекеннің 63-і көгілдір отынды пайдаланып отыр. Келесі жылы 21 нысанның құрылысы жалғасып, тағы 42 нысанның құрылысы басталады. 2025 жылдың соңына қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 126 елді мекен газдандырылады. Сондай-ақ биыл 19 тамызда "Талдықорған-Үшарал" магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Жоба келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекеніне газ желілерін тарту жобасы әзірленіп жатыр, - дейді ол.