2030 жылға дейін 20 су қоймасының құрылысы бітеді

272

Олар 9 облыстың аумағында орналасатын болады. 

2030 жылға дейін 20 су қоймасының құрылысы бітеді Фото: ҚР ТЖМ

2030 жылға дейін 20 жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2030 жылға дейін 9 облыстың аумағында 20 жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және БҚО облыстары. 20 су қоймасын іске қосу халқының саны 137 мың адам болатын 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда министрлік 9 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді жүргізуде, оның ішінде 5 нысан бойынша құжат аяқталуда", - деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, 9 облыстың аумағында 15 қолданыстағы су қоймаларын қайта құру жұмыстары басталады.

"Бұл халқының саны 75 мың адам болатын 64 елді мекеннің су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді", - деп жалғастырды ол.

Нұржан Нұржігітов бүгінде оңтүстік өңірлердегі өзендердің бассейндерінде су қоймалары жинақтау режимінде тұрғанын, суару кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты.

"Өңірдегі 17 ірі су қоймаларының су жинауы орта есеппен 87% құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 8%-ға артық", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу