2030 жылға дейін елімізде 4 газ өңдеу зауыты іске қосылады

333

​Бұл жұмыстар кезең-кезеңмен жүретін болады.

2030 жылға дейін елімізде 4 газ өңдеу зауыты іске қосылады Фото: Pixabay.com

2026-2030 жылдарға дейінгі кезеңде кезең-кезеңімен төрт газ өңдеу зауытын іске қосу басталады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Атап айтсақ, Қашаған кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 1 және 2,5 млрд м3, Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 4 млрд м3, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 газ өңдеу зауытын салу. Өздеріңіз білетіндей, Қашаған кен орнының шикізаты негізінде газ өңдеу зауыттарын салу үшін Қатарлық инвестор – UCC Holding тартылған. Қазіргі уақытта "QazaqGaz" бен "UCC Holding" компаниясы осы жобаларды іске асырудың соңғы шарттарын келісіп жатыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасы оператордың қаражаты есебінен іске асырылатын болады. 

"Биыл ақпан айында EPC-тендеріне қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін бағалау жүріп жатыр", - деп толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу