Илон Маск SpaceX-тің миссиясы сәтті болған жағдайда, төрт жылдан кейін адамдар қызыл планетаға ұшады деп хабарлады. Егер проблемалар туындаса, адаммен басқарылатын рейстер тағы екі жылға кейінге қалдырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты кәсіпкердің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.
"Егер олардың барлығы қауіпсіз жерге қонса, төрт жылдан кейін экипажбен ұшуға болады. Ал проблемалар туындаған жағдайда, адаммен басқарылатын рейстер тағы екі жылға кейінге қалдырылады", - делінген хабарламада.
Маск екі жылдық сынақ кезеңінің ұзақтығы оларды планеталардың (Жер және Марс) теңескен кезінде ғана өткізу мүмкіндігімен байланысты екенін түсіндіреді. Ал ондай мүмкіндік екі жылдық циклге ие.