2030 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-де Азияның үлесі 50 пайыздан аспақ

365

Әлемдік жалпы ішкі өнімде Азия экономикасының үлесі артып отыр. 

2030 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-де Азияның үлесі 50 пайыздан аспақ Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Елордада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің қатысуымен Іскерлік кеңес пен бизнес форумы өтіп жатыр.

"Әлемдік жалпы ішкі өнімде Азия экономикасының үлесі үздіксіз артып келеді. Бағалауларға сәйкес, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш елу пайыздан асады. АӨСШК басым бағыттарының қатарына шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, информациялық технологиялар, туризм, көлік дәлізі, ауыл шаруашылығы, қаржы, сауда және инвестициялар кіреді", - деді спикер АӨСШК Іскерлік кеңесінің ашылуы салтанатында. 

Ол экономиканың ажырамас бөлігі шағын және орта кәсіпкерлік екенін жеткізді.

"Көптеген мемлекет, әсіресе дамушы елдер жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық дамуға өзінің ықпалын тигізіп жатыр. Олардың үлесіне әлемдегі кәсіпорындардың 90 пайызы және жаһандық жұмыспен қамтылудың 50 пайыздан астамы тиесілі. Бұл әйелдер мен жастар сияқты нарықтың осал топтарын мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді", - деді АӨСШК бас хатшысы.

Бұдан бөлек Қайрат Сарыбайдың айтуынша, АӨСШК паназиаттық форум ретінде Азия аумағы мен халқының 90 пайызын қамтитын 28 елдің басын біріктіріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу