Тиісті шаралар қабылданбаса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 7 ГВт-қа дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондықтан 2028 жылға қарай жалпы генерацияның шамамен 6,7 ГВт іске қосу жоспарланған, оның 700 МВт биылдың өзінде енгізілетін болады. Сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа ЖЭО, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Түркістан және басқа қалаларда жаңартылатын энергетика объектілері, бу-газ қондырғылары салынады.
"Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша міндеттемелер қабылдадық. Сондықтан ескі көмір қуатынан дәйекті түрде бас тарту сөзсіз екенін түсіну керек", — деп атап өтті Роман Скляр.
Осыған байланысты, оның айтуынша, жеке атом электр стансасын салу жалғыз қолайлы нұсқа болып саналады.
"Референдум өткізілді. Халық дауыс берді. Нәтижелері белгілі. Әлемде 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұрғанын атап өткім келеді. Тағы 62-і құрылыс кезеңінде. Ал 2050 жылға қарай атом энергиясын пайдалану үш есе артады деп болжануда. Сондықтан атом стансасын салу туралы шешім тек қажеттіліктен ғана емес, бейбіт атомды пайдаланудың әлемдік үрдістерінен де туындап отыр", – деп атап өтті бірінші вице-премьер.