2030 жылға қарай Қазақстан қалдықтарды өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді көздеп отыр

Бұл туралы Литваның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Эгидиюс Навикаспен кездесуінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. 

2030 жылға қарай Қазақстан қалдықтарды өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді көздеп отыр Фото: freepik

Кездесу барысында Тараптар қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-ші отырысын өткізу туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Литва тарапы сусындар бөтелкелері үшін депозиттерді қайтарудың (Deposite Refund System) нәтижелі технологиясын ұсынды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан Нысанбаев атап өткендей, Қазақстан Экология және қоршаған ортаны қорғау саласында, атап айтқанда қалдықтарды басқару саласында озық тәжірибесі бар Литвамен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

Қазіргі таңда, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті бағыттардың бірі коммуналдық қалдықтарды басқару болып табылады. 2030 жылға дейін қазақстандық тарап қайта өңдеу деңгейін 40% - ға дейін жеткізуді жоспарлайды.

"Осыған байланысты, Париж келісімі шеңберінде, оның ішінде қалдықтар секторы бойынша шығарындыларды азайту жөніндегі Қазақстан міндеттемелерін ескере отырып, біз Литваның қалдықтарды басқару жүйесін жолға қою, атап айтқанда депозиттік-қайтару жүйесін дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделеуге мүдделіміз", - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі.

Сондай-ақ, Министр комиссия отырысы барысында тараптардың сарапшылары қалдықтарды басқару саласындағы жоғарыда аталған тәжірибені талқылай алатынын айтып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар литвалық сарапшылардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және мүдделі тараптардың кездесулерін өткізу арқылы осы мәселе бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу