2030 жылға қарай құрылыс саласындағы бірқатар маман жұмыссыз қалады

536

Бүгінгі таңда жаңа мамандықтар мен кадрларға деген сұраныс артып жатыр.

2030 жылға қарай құрылыс саласындағы бірқатар маман жұмыссыз қалады

Елімізде дағдарыс кезінде дамып жатқан салалардың бірі – құрылыс саласы. 2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында өндіріс пен қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артқан. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады.

Үшінші тоқсандағы мәлімет бойынша еңбекке жарамды адамдардың 7,1%-ы немесе 621,8 мың адам осы салада жұмыс істеген. Бір жыл ішінде олардың саны экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты 3,1%-ға кеміген. 
Бүгінгі таңда жаңа мамандықтар мен кадрларға деген сұраныс артып жатыр, ал бұрынғы мамандықтарға деген қажеттілік, керісінше, азайып барады.

Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының дерегі бойынша, 2035 жылға қарай құрылыс секторындағы 16-дан астам мамандық жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, 2025 жылға қарай сызбашылардың жұмыссыз қалатыны анық. Өйткені құрылыс нысандарын жобалау мен нысанды салу процестері жақын арада цифрлық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар он жылдан кейін шатыршы, оқшаулаушы, сылақшы, дәнекерлеуші, газбен кесуші, арматурашы мамандары, 2035 жылға қарай құрылысшы-монтажшы, құрылысшы-сырлаушысы, лактаушы, бояушы мамандарына деген сұраныс болмайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу