Мұнайға деген сұраныс 2030 жылы өзінің шарықтау шегіне жетіп, кейін бір деңгейде тұрақтайды.
Егер былтырғы жылы қара алтынға деген сұраныс деңгейі тәулігіне 97 млн баррельді құраған болса, ал ал алдағы онжылдықта көрсеткіш 105,5 млн баррельге дейін өсуі мүмкін. Мұның бағаға әсер ететіні сөзсіз, яғни мұнай бағасы бір баррель үшін 60 доллардан 90 долларға дейін өседі.
Сарапшылар мұнайға деген сұраныс 2025 жылға дейін өсіп, кейін бірте-бірте басылады деп отыр. Осылайша, алдағы онжылдықта мұнай өндіру қысқарады. Мамандардың пікірінше, дәстүрлі энергия көздерін жаңартылатын энергиямен алматсыруға болады.
Тап қазіргі жағдайда мұнай бағасы үшінші күн қатарынан түсуде. Қазір WTI маркалы шикізаттың бір баррелі 56,3 доллардан саудалануда. Ал Brent шамамен 61 доллар. Мұнай бағасының төмендеуіне Трамптың АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісіміне түсніктеме беруге бас тарту себеп болды.