2030 жылға қарай транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланған

150

2030 жылға дейінгі көлік-логистика әлеуетін дамыту тұжырымдамасы аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар іске асырылып жатыр. 

2030 жылға қарай транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланған Фото: gov.kz

Қазір екі негізгі транзиттік дәліз – Транскаспий халықаралық көлік маршруты мен "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің шығыс бағытына басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2030 жылға қарай Қазақстандағы транзиттік жүк тасымалы көлемін екі еседен астам, 74 млн тоннаға арттыру жоспарланған", – деді ҚР Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымал 60%-ға ұлғаяды, контейнерлік тасымал 55%-ға артып, 2 млн контейнерге жетеді, автокөлік транзитінің көлемі 6 есеге, 29 млн тоннаға дейін өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу