2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі кемінде 15%-ды құрауы тиіс – Тоқаев

502

2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы қабылданды.

2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі кемінде 15%-ды құрауы тиіс – Тоқаев Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық KAZENERGY форумының қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзін оқыды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Алмасадам Сатқалиев Президенттің энергетика күн тәртібіне үлкен мән беретінін жеткізді. 

"Құрметті форум қатысушылары! Сіздерді 15-інші Еуразиялық KAZENERGY форумына қош келдіңіздер деп айтқым келеді. Бүгінгі жаһандық энергетикалық сектор маңызды климаттық және геосаяси қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бұл энергетикалық қауіпсіздікті тұрақты энергиямен қамтамасыз ету тізбегін және жасыл технологияларды ерекше маңызды етеді. Қазақстан өзінің әлемдік нарыққа энергия ресурстарын сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті. Баламалы экспорттық маршруттар мен көліктік логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамытады", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Отын-энергетика кешені – еліміздің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі.

"Өнеркәсіпке ауқымды шетелдік инвестициялар мен жаңа технологиялар тартылады. Бұл ретте біз экономиканы дәйекті әртараптандыруға жіті көңіл бөлеміз. Біздің алдымызда серпінді жобаларды, оның ішінде мұнай мен газды терең өңдеу саласында іске асыру арқылы қосылған құны жоғары кластерлерді құру міндеті тұр. Елімізде таза және жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалған. 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы қабылданды. 2030 жылға қарай еліміздің энергетикалық балансында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі кемінде 15 пайызды құрауы тиіс", - делінген Президент құттықтауында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жемісті талқылаулар мен сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу