2030 жылғы қысқы Олимпиада өткізу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін

568

Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында өтуі керек болған 2030 жылғы қысқы Олимпиада тұрғындардың қарсылық білдіруіне байланысты болмауы мүмкін.

2030 жылғы қысқы Олимпиада өткізу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін Фото: eadaily.com

Бұл туралы сәрсенбіде қала әкімі Катсухиро Акимото журналистерге хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

"Қалада үкіметтің мұндай бастамасына күмәнмен қарайтындар көп. Біз тиісті мәселені [өткізуге] қолайлы уақытты таңдай отырып, қайта талқылауымыз керек", — деді ол.

11 сәуірде Жапония Олимпиада комитетінің басшысы Ясухиро Ямасита Саппоро билігі жергілікті халықтың наразылығына байланысты бастапқыда жоспарланған 2030 жылдың орнына 2034 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш бере алады деп мәлімдеді.

Jiji агенттігінің сауалнамасына сәйкес, қазіргі уақытта Саппоро ойындарын өткізу бастамасын қала тұрғындарының тек 27%-ы қолдайды. Тұрғындардың 53%-ы үзілді-кесілді қарсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу